Фото профиля zamzam.cosmetics_almaty

zamzam.cosmetics

Мен күнде көп адамнан рахмет естимін. ­
Рахмет айтушылардың бір бөлігі косметиканың нәтижесін көріп алғыс айтып, достарын әкеліп алғызып жатады. Екінші бөлігі бағасын сұрайды да, жауабын алғасын рахмет деп жаба салады. Сол кезде менің түрім тура фотодағыдай болады да қалады.

🤔 неге олай? Бүгін бір "галстуксіз" пост жазайыншы. Отырдым да есептедім. Сізге керек базалық күтім 13600 тг тұрады. Оны 6 айға шаққанда күніне 75 тг ғана шығады екен...

Күндігіне оны екі рет қолданасыз, сонда айнаның алдында 10 минут демалуға, өзіңізге мән беруге 37,5 теңгені қимайсыз ба? ­
Одан да ол тиынға балаңыз дүкеннен кукси, чипсы секілді зиянды дүниелерді алып жеп мәз болғанын құптайсыз ғой?

Сіз бір базалық күтімді бірден алғасын сізге қиындау, қымбаттау көрінуі мүмкін. Ал былай ойлансаңыз құрбыңыз ұсынған помаданы, жеңгеңіз ұсынған тушты, коллегаңыз айлықтан ала қой деген духиді айына қанша рет сатып алып қойғаныңызды, оған қанша шығындалғаныңызды өзіңіз де білмейсіз... Ал олар қобдишаңызда жатып срогы өтіп жатыр. Анда-мұнда той болмаса оның бар екенін де ұмыт қалдырасыз...


Әрине, барлығы бірдей емес қой. Дегенмен жүргізген анализім бойынша көбімізде осындай.

Қалай ойлайсыз?

Күтім жасамай керек кезде бетті бояумен әрлеген дұрыс па, бояу алғанша күтім косметикасымен табиғи сұлулығыңызды арттырғаныңыз дұрыс па?

Сіздерге күтімнің маңызын түсіндіруден жалықпаймын. Күнделікті ең маңызды 3 күтім жайлы толық ТЕГІН ақпарат алғыңыз келсе, төменге номеріңізді қалдырыңыз. 

zamzamblog.blogspot.com



Комментарии